«Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № А-4/158 Қаулысы (2021.22.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № А-4/158 Қаулысы

(2021.22.12. берілген өзгерістермен)

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № А-4/189 Қаулысымен күші жойылды

 

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілсін:

1) осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары;

2) осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері.

2. «Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № А-5/261 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7857 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.