«Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1290 бұйрығы (күші жойылды)

«Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1290 бұйрығы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылдың 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10699 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 20 сәуірде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.