«Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 139 бұйрығы

 «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 139 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9930 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларында:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық және өңірлік күнтізбесі негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін жасайды.

Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесі негізінде олар осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес ағымдағы жылға арналған спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесін әзірлейді.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2)тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттық ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.