«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 1278 бұйрығы (2020.10.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 1278 бұйрығы

(2020.10.04. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16549 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оларды құру және жұмыс істеу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Әуе кемесінің бортында шетелдік тауарларды сатуға арналған және мақұлданған кеңсе, БСД сату бөлмесі ретінде (олар болған жағдайда) қызметтік бөліктерін немесе БСД кеңсе қоймаларын пайдаланады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату ережесінде:

мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды керек-жарақтар ретінде өткізу БСД иесінің тауарларға декларация беруі арқылы жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.