«Шудың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жылу электр станцияларының өндірістік үй-жайларының сыныптауышын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына 7-қосымша) (2025.16.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

7 қосымша

 

 

Шудың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жылу электр станцияларының өндірістік үй-жайларының сыныптауышын айқындау жөніндегі
әдістемелік нұсқаулар

(2025.16.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Осы Шудың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жылу электр станцияларының өндірістік үй-жайларының сыныптауышын айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Әдістемелік нұсқаулар қайта жобаланған, қолданыстағы, кеңейтіліп жатқан және қайта құрастырылатын жылу электр станцияларына қолданылады.

3. Осы Әдістемелік нұсқауларда келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) жұмыс орны - еңбек қызметі үдерісінде жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша келетін орны;

2) құбылмалы шулар - дыбыстың уақыт аралығында үздіксіз өзгеріп отыру деңгейі;

3) үзілмелі шулар - дыбыстың уақыт аралығында таза шу деңгейіне дейін күрт төмендейтін деңгейі, мұндай жағдайда деңгейі тұрақты болып қалатын уақыт 1 с және одан да көп уақытты құрайды;

4) импульстік шулар - әрқайсысының ұзақтығы 1 секунд (бұдан әрі - с) кем болатын бір немесе бірнеше дыбыстық дабылдардан тұратын шулар, мұндағы шу өлшейтін құралдың «баяу» және «импульс» сипаттамалары қосылған кезде өлшенген А типті өлшейтін фильтратымен децибелдарда (бұдан әрі - дБА) дыбыс деңгейі кезде 10 децибел (бұдан әрі - дБ) төмен емес шамада айқындалады.

 

 

2 бөлім. Қолданылу саласы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.