«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 566 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 10839 болып тіркелген, Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға ұсыныс береді.