«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 332 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды

 

Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 шілдедегі

№ 332 қаулысымен бекітілген

 

 

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығы негізінде ұсынылады (бұдан әрі-Стандарт).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - тіркеу туралы қағаз түріндегі (еркін нысанда) немесе Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сандық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама (талон).

 

 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл
тәртiбiн сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.