(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА...

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығы

(2018.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.26.01. № 69 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.26.01. № 69 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 2-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016.26.01. № 69 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.