Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 31/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Тамақ өнімдері»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ұн мен түрлі жарманың жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Кептірілген қара бидай немесе бидай нанының жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.»;
3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Ет және сүт консервілері (МЕМСТ 32125, МЕМСТ 31688)»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Ет және сүт консервілерінің жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
«35-1. Ет консервілерін ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75%-дан артық емес және 0 ºС-тан 20 ºС -қа дейінгі температура аралығында сақтайды.»;
4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-параграф. Қант (МЕМСТ 33222, МЕМСТ 26907)»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Қанттың жарамдылық мерзімдерін өндіруші белгілейді.»;
мынадай мазмұндағы 50-1 және 50-2-тармақтарымен толықтырылсын: