«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 330 бұйрығы

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 330 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағы 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:

4-тармақта:

екінші бөлімнің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

4) гидрологиялық қауіпті құбылыстар: судың жоғарғы деңгей (су басу), су толу, жаңбыр (қар) тасқыны, кептелістер мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі, судың төменгі деңгейі;

екінші бөлім мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) гидрогеологиялық қауіпті құбылыстар: жер асты суларының төмен деңгейі, жер асты суларының жоғары деңгейі (су жайылу / су басу);»;

үшінші бөлімнің 9) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«АЭС, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ядролық және радиациялық қондырғыларда радиоактивті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) авариялар;»;

6 және 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік есептілік құжаттары:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.