«Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 441 бұйрығы

 «Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 441 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру тәртібі»;

10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал мәртебесі ол мынадай өлшемшарттарға сәйкес болған кезде беріледі:

1) өнімділіктің етті бағыттағы тұқымдары үшін:

жануар тегінің әкесі және енесі жағынан кемінде үш қатары бойынша тұқым-тегі туралы дұрыс мәліметтердің болуы;

әкесі жағынан дұрыстығын айқындайтын генетикалық сараптаманың болуы (Қазақстан Республикасы аумағында туылған жануарлар үшін);

асыл тұқымдық құндылығының индекстік бағалауы, оның ішінде төлдеу жеңілдігі, туған кездегі салмағы, енесінен айырған кездегі салмағы және тиісті жасқа жеткен кезде бір жастағы салмағы бойынша индекстік бағалауы болуы;

таза тұқымдылық;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.