Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және пайдалану тәртібін, сондай-ақ Танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығы
(2026.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.10.06. № 389 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2026.10.06. № 389 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 42-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2026.10.06. № 389 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасы және пайдалану тәртібі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2026.10.06. № 389 бұйрығымен жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің