«Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 929 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып айқындалсын.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: