«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 868 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, сақтау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы»;
кірісіпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілік беру, оны жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;