«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 8C-42/3 шешімі

«Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 8C-42/3 шешімі

 

Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-19/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8677-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарқайың ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) әлеуметтік көмек - Жарқайың ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.