«Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 99 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында:
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«107. Авиакомпания, егер жүк осы Қағидалардың 101 және 104-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, оны тасымалдауға қабылдаудан бас тартады.»;
117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«117. Алушы авиакомпаниядан әуе кемесі межелі пунктке келген, жүкті түсірген және оны өңдеген сәттен бастап оған жүк пен жүк жүкқұжатын беруді талап етеді. Жүкті беру әуе кемесі келген сәттен бастап 2 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.».
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: