«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдістемесін, қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 49 бұйрығы (күші жойылды)

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдістемесін, қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 49 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 218 бұйрығымен күші жойылды

 

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу әдістемесі, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің № 8039 мемлекеттік тізілімінде тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 24 қарашадағы № 771-775 (27847) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетика департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында жариялануын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.