«Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 24/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 қазандағы № 70/қе бұйрығы

«Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 24/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 қазандағы № 70/қе бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы13-тармағының 21-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 24/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16781 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу және интернет-трафикті өткізу нүктелеріне қосу қағидалары бекітілсін.».

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.