«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығы (2026.01.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығы

(2026.01.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.23.12. № 22 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.23.12. № 22 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына және 10-1-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025.23.12. № 22 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметті туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілері бекітілсін.

2. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 938 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу № 21340) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.