«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 211 бұйрығы (күші жойылды)

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 211 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке шот - субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші - мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - облыс басқармасы) немесе астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі - қала басқармасы) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.