«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 586 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 586 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Ереже):

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдерін анықтайды.»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасы бойынша мемлекеттік мекемелер мынадай талаптардың:

бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіткен немесе бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері;

бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілер;

басқа да нормативтік құқықтық актілер;

міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету;

өткен қаржы жылдарында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының орындалу серпіні негізінде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.