«Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығы

Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысаны бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 16491 болып тіркелген);

2) ««Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1387 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 19775 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.