Тауарларды сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалауды енгізудің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 165-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалауды енгізудің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық түрлендіру және тауарларды таңбалау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Министр | А. Шаққалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Сауда және интеграция министрінің
2025 жылғы 29 мамырдағы
№ 165-НҚ бұйрығына қосымша
Тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды және қадағалауды енгізу тиімділігінің көрсеткішін
есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларды сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау және қадағалауды енгізудің тиімділік көрсеткішін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.