Өскемен қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI шешімі
(2019.08.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5704 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019.08.02. № 40/2-VI шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қаланың 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2019 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 58 302 840,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 21 475 141,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 947 133,3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 089 320,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 30 791 246,0 мың теңге;
2) шығындар - 58 902 499,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -300 000,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0,0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 300 000,0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 145 986,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 145 986,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0;
5) бюджет тапшылығы - -445 645,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 445 645,3 мың теңге.