Консультативтік байқау жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа 5-1-қосымша) (2025.06.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.11.12. № 104 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025.19.03. № 24 бұйрығымен 6-қосымша өзгертілді (2025 ж. 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 25 қарашадағы

№ ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа

5-1-қосымша

 

 

Консультативтік байқау жүргізу қағидалары

(2025.06.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы консультативтік байқау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және консультативтік байқау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) консультативтік байқау - психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдаланатын адамды және (немесе) құмар ойындарға патологиялық құштарлығы бар адамды медициналық байқау;

2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдалану - тәуелділік синдромының белгілері жоқ физикалық және (немесе) психикалық және (немесе) құқықтық зардаптарға әкеп соққан медициналық емес мақсатта пайдалану.

 

 

2-тарау. Консультативтік байқау тәртібі

 

3. Егер адам мамандандырылған көмексіз қалатын болса, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь мен темекіден басқа) зиянды тұтынған адамға және (немесе) аурудың даму немесе өршу тәуекелінің алдын алу мақсатында құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамға (ауыр, өзгемейтін сипат алған, асқынған ауыр белгілері жиі болатын созылмалы немесе ұзаққа созылған бұзылушылыққа немесе айқын әлеуметтік бейімделуге ауысуына) консультативтік байқау белгіленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.