«Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 шілдедегі № 456 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтінім берілгеннен кейін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген инвестициялық жобаларды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күні ішінде экономикалық қорытынды дайындайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдік беру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарыз шартының жобасын немесе облигациялар шығару проспектісінің жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органына және әділет органына келісуге жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және әділет органы қарыз шартының жобасын немесе облигациялар шығару проспектісінің жобасын 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі.
4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушымен қарыз шартының жобасын немесе облигациялар шығару проспектісінің жобасын ұсынғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаға сараптама жүргізуді ұйымдастырады және тиісті қорытынды дайындайды.