«Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 және «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № ҚР ДСМ-26 бұйрығы
(2022.04.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 24 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 175-бабының 3) тармақшасына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15167 болып тіркелген, Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларында:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламасы»;
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: