«Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 23 маусымдағы № 275 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 275 бірлескен бұйрығы

Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2016 жылғы 23 маусымдағы № 275 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 275 бірлескен бұйрығы

 

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына, 13-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрлеріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.