«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 375 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауылшартауарынөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм беруі.
Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiм береді.
Мұндай жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген жағдайда, осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.