Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы
(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.31.07. № 146 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Туризм және спорт министрінің 2023.29.12. № 353 бұйрығымен (2024 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.31.07. № 146 бұйрығымен (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындардың бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;