Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 Қаулысы
(2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 236 қаулысымен
бекітілген
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және
есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну
мерзімдері
Осы Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдері (бұдан әрі - Тізбе) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 41-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналарын тартатын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырмайтын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін белгілейді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.