«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 Қаулысы (2021.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 Қаулысы

(2021.06.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды

 

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін.

2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның (СOVID-19) профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.01.07. № 30 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.03.09. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.06.10. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.

4. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.