Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығы
(2024.18.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерлерді резервте қалдыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық даму министрлігінің Экономика инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.