«Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуіріндегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 433 бұйрығы

«Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуіріндегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 433 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуіріндегі № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11244 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңының 7-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 60-бабын және 140-бабының 6-тармағын қолдану мақсатында «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Салықтар бойынша аудитті жүргізу талаптары»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Салықтар бойынша аудит нәтижелерін рәсімдеу тәртібі»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Аудиторлық қорытынды үш данада жасалады.

Аудиторлық қорытындының бір данасын аудиторлық ұйым аудиттелетін субъектіге, ол жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Аудиторлық қорытындының екінші данасы аудиторлық ұйымда қалады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.