«Жангелдин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 166 Қаулысы

Жангелдин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 166 Қаулысы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 529-бабының 6 тармағына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жангелдин ауданының салық салу объектісінің елді мекендеріндегі орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

2. «Жангелдин ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

 

Жангелдин ауданы әкімдігінің

2024 жылғы 29 қарашадағы

№ 166 қаулысына

қосымша

 

 

Жангелдин ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу

коэффициенттері

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.