«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 856 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 856 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 15 шілдедегі
№ 520 қаулысымен
бекітілген
Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға, төлем қызметтерін көрсету үшін комиссия төлеуге бөлінген қаражатты пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер