«Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 104 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 74), 77) тармақшаларына, 156-бабының 2-тармағына, 174-бабының 6-тар\мағына, 176-бабының 3-тармағына, 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес консультативтік байқауды көрсету қағидалары.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ПМБ бар адамның динамикалық байқауға алу туралы жазбаша келісімі болған жағдайда, оған динамикалық байқау белгіленеді;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: