8-тармақтағы «осы баптың 5» деген сөздер «осы баптың 4, 5» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не саяси партияны, кәсіптік одақты, тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы емес.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өздеріне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және өзге де заңды көздерден кіріс алуға құқылы.»;
6-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары көрсетілген мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.»;
2) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.»;
3) 59-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «өзіне меншік құқығымен тиесілі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 61-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеуі;».
13. «Төрелік туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 52-бапта:
тақырыптағы «негізі» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы «, атқару парағын беруден бас тартуды» деген сөздер алып тасталсын;
2) 57-бапта:
тақырыптағы «үшін негіздер» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Атқару парағын беруден бас тарту туралы өтініш-хатты қараған кезде сот төреліктің шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.».
14. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша қабылданған шаралар, олардың нәтижелері, қайтарылған активтердің азаматтар мен мемлекет мүддесінде пайдаланылуы туралы, сондай-ақ активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданған жүйелі шаралар туралы ақпаратты жыл сайын (бұдан әрі - жыл сайынғы ақпарат) өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің материалдары мен мәліметтері негізінде де дайындайды.
2. Жыл сайынғы ақпарат активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.»;
2) 3-тараудың тақырыбындағы «жөніндегі шаралар» деген сөздер «шаралары, тәсілдері мен тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 5-тармағындағы «осы Заңның 4-тарауының» деген сөздер «осы тараудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
5) 24-баптың 2-тармағы «мемлекетке беру» деген сөздерден кейін «не қаражатты ұлттық экономикаға және (немесе) әлеуметтік-мәдени объектілер салуға инвестициялау, не елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзге де үлес қосу» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 25-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Өзге де келісімдер деп активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган тізілімге енгізілген тұлғалармен және өзге де тұлғалармен жасасатын келісімдер түсініледі.
Өзге де келісімдерде экономикалық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістерді, кәсіпорындарда қосымша жұмыс орындарын ашуға инвестициялар көзделуі мүмкін.
Өзге де келісімдерде әлеуметтік-мәдени объектілер салу, халықтың әртүрлі санаттарына көмек көрсету бойынша әлеуметтік, қайырымдылық және өзге де жобаларды іске асыру, сондай-ақ халқының игілігі үшін Қазақстанның орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуына өзге де үлес қосу да көзделуі мүмкін.
Қажет болған жағдайда, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік органдар өзге де келісімнің қатысушылары (тарапы) бола алады.
Өзге де келісімнің шарттарын орындау мақсатында мемлекеттік органдар тізілімге енгізілген тұлғалармен, сондай-ақ өзге де тұлғалармен мемлекет мүддесінде активтерді беру туралы басқа да келісімдерді жасаса алады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген келісімдерді жасасу нәтижесінде қайтарылған немесе мемлекет кірісіне берілген активтер заңсыз деп танылмайды.».
2-бап. Осы Заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне тиісті өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 3 қаңтар
№ 251-VIII ҚРЗ