«Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 491 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 491 бұйрығы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 304 бұйрығымен күші жойылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімінің үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

 

«Келісілді»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.