«Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығы (2025.12.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығы

(2025.12.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025.25.09. № 328 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025.25.09. № 328 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025.25.09. № 328 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8644 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 282 (28221) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.