«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 125 Қаулысы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3023 болып тіркелген, 2016 жылдың 18 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: