(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2025 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттер бойынша жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері жөніндегі ұсыныстарды жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізуі;

5) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындауы және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде есепке алу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуы;

6) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде ескерілген және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар, алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жеткізуі;

7) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындауы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жеткізуі;

8) жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын қалыптастыру қамтылады.

7. Орталық салалық мемлекеттік органның бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

 

81-бап. Республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын әзірлеу

1. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын әзірлейді және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасының мәтінінде жылдар бойынша бөлін ген, үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері абсолютті мәнде қамтылуға тиіс.

3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасына жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге:

нысаналы емес және нысаналы мақсаты көрсетіле отырып нысаналы болып бөлінген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері қоса беріледі.

Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдерінің нысаналы мақсаты, осы бағыттың мақсаттарына қол жеткізу шегінде оларды қайта бөлу жағдайларын қоспағанда, өзгертілуге жатпайды;

дамуға арналған шығындар;

тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.

4. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы қолданыстағы заң аяқталатын жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

6. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасы және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыс мәслихаты, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты шешімінің жобасы осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.

 

82-бап. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын жасайды және оны республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгеннен кейін тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстың жергілікті атқарушы органы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын республикалық бюджет пен облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң бекітілгеннен кейін мәслихатқа енгізеді.

3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихаттың шешімі жобасының мәтінінде жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері абсолюттік мәнде қамтылуға тиіс.

4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасына жылдар бойынша бөлінген және өңірлер бөлінісінде үш жылдық кезеңге:

нысаналы емес және нысаналы мақсаты көрсетіле отырып нысаналы болып бөлінген жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері;

дамуға арналған шығындар;

тиісті саланың (аяның) жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.

5. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдерінің нысаналы мақсаты, осы бағыттың мақсаттарына қол жеткізу шегінде оларды қайта бөлу жағдайларын қоспағанда, өзгертілуге жатпайды.

6. Облыстың жергілікті атқарушы органы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

 

83-бап. Нысаналы трансферттер

1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы даму трансферттері болып бөлінеді.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемдерінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде:

1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, төмен тұрған бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды және (немесе) кірістерін азайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілерін қабылдаудан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;

2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын, жоғары тұрған бюджеттер дің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.

3. Жоғары тұрған бюджеттер жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.

83-бабы 3-тармағының бірінші және екінші бөліктері 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады

Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.

Нысаналы даму трансферттерін жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес аса маңызды объектілерді және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға береді.

4. Нысаналы трансферттерді жоспарлау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкім дерінің аппараттарымен бірлесіп, инвестициялық жоспарды және осы Кодекстің 73-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қарау қорытындыларын ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары негізінде нысаналы трансферттердің болжамды көлемдерін айқындайды және бюджет жобасын жоспарлау шеңберінде қарау үшін салалық мемлекеттік органдарға - республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және (немесе) жоғары тұрған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.

5. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерінің көлемдерін төмен тұрған бюджеттерді атқару барысында қосымша алынған кірістерге байланысты азайтуға жол берілмейді.

6. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді тек бюджеттік бағдарламалардың тиісті паспорттарында айқындалған нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.

Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттер кірістерін қысқартуды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.

7. Нысаналы трансферттерді аудару, бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер туралы есептің нысанын және жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерге мониторинг жүргізу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

8. Нысаналы трансферттерді бөлу және пайдалану кезінде лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы осы Кодекстің 41-бабында айқындалған.

 

84-бап. Бюджетаралық қатынастар саласындағы мониторингтеу

1. Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша тиісті саланың (аяның) жергілікті уәкілетті органдары:

жалпы сипаттағы нысаналы трансферттерді;

дамуға арналған шығындарды;

жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда белгіленген қаржыландырудың ең төмен көлемдерін мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мониторингтеу нәтижелері жыл қорытындылары бойынша есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау шеңберінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді бағалау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларына, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті дайындау шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы бойынша талдамалық ақпарат дайындау үшін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, орталық салалық мемлекеттік органдарға ұсынылады.

2. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді мониторингтеу осы Кодекстің 119-бабына сәйкес жүргізілетін бюджеттік мониторинг шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі шеңберінде елді мекендердің типіне (қала, ауыл) және мөлшеріне (халық санына) қарай объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) ең төмен міндетті деңгейімен елді мекендердің қамтамасыз етілуіне жыл сайынғы мониторингті жүргізеді. Мониторинг жүргізу тәртібін өңірлік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

 

16-тарау. БЮДЖЕТТІ ӘЗІРЛЕУ ПРОЦЕСІ

 

85-бап. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер

1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

 

86-бап. Республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу

1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін республикалық бюджеттің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қарауға ұсынады.

3. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.

«Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

4. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс:

кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған жалақының, зейнетақының ең төмен мөлшерлері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төмен күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерлері;

мемлекеттің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері;

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін арттыру мөлшерлері;

жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда айқындалған, жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемдері;

жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда айқындалған, республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемі;

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің мөлшері;

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;

экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;

үкіметтік борыштың лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиті және сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі;

жергілікті атқарушы органдар борыштарының лимиттері;

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері;

басқа да ережелер.

5. Республикалық бюджет туралы заң жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сынып тар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемдері;

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;

4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

6. Республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) және мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшерлері ақшалай мәнде және жалпы ішкі өнімге пайызбен көрсетіледі.

7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заң жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.

Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қарайды.

 

87-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

87-баптың 2-тармағы 2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясына қарауға ұсынады.

3. Жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

4. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешім жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс:

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;

2) облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;

3) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемдері;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының лимиті;

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті;

7) басқа да ережелер.

5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі;

2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі;

3) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;

4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

6. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай мәнде көрсетіледі.

7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына қарауға ұсынады.

 

88-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады.

Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.

4. Кезекті қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс:

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері;

2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері;

3) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бюджеттік алып қоюдың көлемдері;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;