«Жеке тұлғаның салық берешегіне байланысты шешімдер нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығы (2026.19.10. берілген өзгерістермен)

Жеке тұлғаның салық берешегіне байланысты шешімдер нысандарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығы

(2026.19.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағына, 83-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және 190-бабы 2 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) жеке тұлғалардың салық берешегін өтеу туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;

2) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін;

3) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын жою туралы бұйрығының нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.05.10. № 671 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2026 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 29 қыркүйектегі

№ 541 бұйрығына

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Жеке тұлғалардың салық берешегін өтеу туралы хабарлама

 

20 __ жылғы «___» _________

№ _____

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.