«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылы әкімінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 2 шешімі
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 35-бабының сәйкес Бестөбе ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгіленсін, 3 жыл мерзімге, жалпы ауданы 0,3224 гектар, Қостанай облысы Қамысты ауданы Бестөбе ауылында орналасқан: Школьная көшесі - Абай көшесі - 0,2738 гектар, Абай көшесі - 0,0486 гектар, «Қостанай облысы В2G сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін және кабельдік кәрізді пайдалану үшін».