(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІН...

Осы редакция 2017 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 24 сәуірдегі

№ 352 бұйрығына

1-қосымша

 

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 760 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 760 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.09.12. № 760 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде оқуға жіберу.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.