«Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң м. а. 2015 жылғы 25 мамырдағы № 622 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрiнiң міндетін атқарушының

2015 жылғы 25 мамырдағы

№ 622 бұйрығына 3-қосымша

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 527 бұйрығымен күші жойылды

 

 

«Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелері

 

1. «Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз және (немесе) электронды (жартылай автоматтандырылған) түрде.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру болып есептеледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

 

 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті
тәртібінің сипаттамасы

 

3. 2015 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бұйрығымен бекітілген № 499 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11349 болып тiркелген) «Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру» Стандартының 9-тармағына сәйкес Қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қажетті қызметті алушының ұсынылған құжаттарын алуы мемлекеттік көрсетілетін қызмет ресімді (әрекетті) бастауға негіздеме болып есептеледі.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ресімдері (әрекеттері):

1) 30 минут ішінде қызмет берушінің кеңсе қызметкерімен өтінімінді қабылдау күнін мне тіркеу нөмрін берілу;

2) 1 күнтізбелік күн ішінде өтінімді қарастыратын құрылымдық бөлімшені және жауапты орындаушыны қызмет берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары тағайындайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.