«Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 435 бұйрығы

 «Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 2 қарашадағы № 435 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33416 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. СБШ-ны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес салалық біліктілік шеңберінің құрылымға сәйкес мемлекеттік органдар ҰБЖ цифрлық платформасында әзірлейді.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің деректері, сондай-ақ кәсіптерге қажеттіліктің өңірлік карталары (бар болса) негізінде ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті танудағы еңбек нарығының қажеттілігін талдау;»;

10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) және СБШ бойынша біліктілік деңгейі;»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік орган дайындық жұмыстары аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде СБШ жобасын әзірлейді және оны ҰБЖ цифрлық платформасы арқылы электрондық нысанда кәсіптік біліктілік жөніндегі Ұлттық органға (бұдан әрі - Ұлттық орган) сараптамаға жібереді.»;

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.