«Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы № 130/625 Қаулысы (күші жойылды)

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы № 130/625 Қаулысы

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/55 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2-2) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына және 22-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Н. Әбдіров

Хатшы

М. Ерман

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 130/625 қаулысына қосымша

 

 

Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті

Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің

тізбесі мен шекаралары

 

Астана қаласы (2)

 

1) №1 сайлау округі

 (орталығы - Астана қ.)

 «Алматы», «Байқоңыр» аудандарының шекараларында

 

2) №2 сайлау округі

 (орталығы - Астана қ.)

 «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының шекараларында

 

Алматы қаласы (3)

 

3) №3 сайлау округі

 (орталығы - Алматы қ.)

 Алатау, Әуезов аудандарының шекараларында

 

4) №4 сайлау округі

 (орталығы - Алматы қ.)

 Алмалы, Жетісу, Түрксіб аудандарының шекараларында

 

 

5) №5 сайлау округі

 (орталығы - Алматы қ.)

 Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының шекараларында

 

Шымкент қаласы (2)

 

6) №6 сайлау округі

 (орталығы - Шымкент қ.)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.