«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 228 бұйрығы (2022.09.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 228 бұйрығы

(2022.09.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 102 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және олардың орынбасарларын айқындасын.

3. Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары аудандық және қалалық аумақтық бөлімшелердің және көліктегі бөлімшелік басқармалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарың және олардың орынбасарларын айқындасын.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.09.02. № 79 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.