«Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 315-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 мамырда № 18616 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар);